Патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

839

0

Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы патриоттық әндер орындау сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылған сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Сайысқа қала және аудандардын барлығы 111 үміткер қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерімен бөлісті.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты ізденіп, патриоттық әндер мен есірткі мәселесін кеңінен ашатын өздерінің шығарған рэп-композицияларын орындады.
Құрылған сайыстық комиссияның шешіміне байланысты 111 сайыскердің ішінен ынталылық танытқан 27 сайыскердің жұмысы ерекше атап өтілсе, 27 қатысушы жарыстың жеңімпаздары деп танылды.
Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<