Павлодарда тайқазаннан бір тоннадан астам наурыз көже таратылды

569

0

Павлодарда тайқазаннан бір тоннадан астам наурыз көже таратылды Павлодарда Әз Наурыз мерекесінің қорытынды күні орталық алаңда 70-тен астам киіз үй құрылып, бір тоннадан астам наурыз көже таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

«Сегіз ауылда қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көріністер қойылып, көрмелер ұйымдастырылды. Қалған 62 киіз үйдің әрқайсысында 500 адамға палау мен бауырсақ ұсынылды»,  – дейді Павлодар облысының Мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірманов.
Сонымен қатар, көшеге ұлттық киіммен шыққан павлодарлықтар да назардан тыс қалмаған. Ең әдемі ұлттық киім киген 20-дан астам қонақ ынталандыру сыйлығына ие болса, «Жадо» сән үйі осы аталым бойынша күмістен жасалған алқа мен қамзолды бас жүлдеге ұсынды.

Айта кетейік, Ертіс өңірі осымен екінші жыл Наурыз мерекесін 40 күн тойлауда. Әні мен сәні жарасқан ұлық мейрамда Ертіс жағалауында Сыр, Жетісу, Арқа, Шығыс пен Батыстың дәстүрлі әндері әуеледі. Сондай-ақ, қазақ эстардасының жарық жұлдыздары Диана Шарапова, Парвиз Назаров пен Қуандық Рахым өнер көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<