Қайрат Беркінбаевтың неден қайтыс болғаны айтылды

491

0

Әлеуметтік желіде танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаевтың өмірден өткендігі туралы суық хабар тарады. Марқұмның жүрегі тоқтап, өмірден озған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ең алғаш болып продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Бүгін біз жақын досымыз Беркінбаев Қайрат Шерәліұлынан айырылдық. Жүрегі тоқтап қалды. Ең жақын досым әрі әріптесім – Ләйлә Сұлтанқызына көңіл айтамын. Бекем бол, досым. Жақсы адам, күйеу, әке және дос болып еді. Жаны жәннатта болсын», – деп жазды ол.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болғаны туралы хабар 6 қарашада тараған еді.

Turkystan.kz марқұм Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына, отбасына қайғыра көңіл айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<