Қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен кезекті түнгі рейд жүргізілді

195

0

Фото: қала әкімдігі

Өздеріңізге белгілі, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топпен ойын-сауық мекемелерінде, көңіл көтеретін орындарда күнделікті түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде.

Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 5 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

Сонымен қатар, 2 кәсіпкерлік нысан басшылығына кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орталығына кіруіне рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қаралды.

Естеріңізге сала кетсек, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдер ойын-сауық мекемелерінде тек сағат 22.00-ге дейін, ал көшеде сағат 23.00-ге дейін болуға рұқсат етіледі. Егер, бұл талап сақталмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-ана жауапкершілікке тартылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<