Қаржылық қауіпсіздік – маңызды мәселе

352

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары Арал ауданында болды.

Алдымен департаменттің аса манызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаева және жедел уәкілі Қ.Ахметов Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен Арал аудандық көпсалалы колледжінде жастармен кездесу өткізді. Семинарда «Экономикалық және қаржылық қауіпсіздік. Халықтың қаржылық сауаттылығы» тақырыбында сөз қозғалды.

Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаева семинар қатысушыларына банктік карталар, интернет сатып алулар және қаржы пирамидаларымен байланысты әртүрлі қаржылық алаяқтық схемалары туралы ауқымды ақпараттармен бөлісті. Оған қоса қаржы пирамидасына байланысты арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олардан сақ болудың әдістерін айтылып, қаржылық алаяқтыққа байланысты күмәнді жағдайды байқағанда департаменттің сенім телефонына немесе телеграмм желісіндегі «Baiqa, Piramida» ботына хабарласу керектігін түсіндірілді.

Сондай-ақ кездесулер аудандық мәдениет үйінде және Жақсықылыш кентінде жалғасты. Онда экономикалық мәдениетті қалыптастыру, қаржы саласындағы білімдерін кеңейту, сауаттылығын арттыру туралы ақпараттар кеңінен талқыланды. Бұған қоса, қаржы пирамидалары, күмәнді инвестициялар және онлайн алаяқтары туралы айтылды. Кездесу соңында жиынға қатысушылар спикерлерге өз сауалдарын қойып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<