Қазалы ауданында жаңа кәсіпкерлік нысан – «Нұрдәулет» боулинг орталығы пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшылығы мен тұрғындар қатысты.
Шара барысында Алмасбек Есмаханов ауданда кәсіпкерлік саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін жеткізді.
Жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын жоба кәсіпкер Самат Серікұлының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Заманауи ойын-сауық орталығы бір мезетте 70-ке жуық адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, жаңа боулинг орталығы аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне арналған заманауи демалыс орындарының қатарын толықтырды.






