Қызылорда: 256 жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен өз ісін бастады

275

0

Мемлекет басшысының жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыздық жеңілдікпен кредит беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында тиісті салалық министрлікпен кредиттік шарт жасалды.

Соның арқасында Сыр өңіріне 1 млрд 285 млн теңге қаржы тартылып, 256 жас кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.

Аймақта несиеге сұраныс жоғары болуына байланысты биылға республикадан қосымша 1 млрд теңге қаржы тартылды.

Нәтижесінде жұмыспен қамтылған халық саны 331,6 мыңнан 333,4 мыңға дейін артып, жұмыспен қамтуға бөлінген қаржы 3,7 есеге (4,1 млрд теңгеден 15,2 млрд теңгеге) өсті.

Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде тұрақтап, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеді.

Айта кетейік, республика бойынша бұл көрсеткіш 4,1 % құрайды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<