Қызылордада бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам көз жұмды

353

0

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz.

«Қызылорда облысында «Қызылорда-Тереңөзек» тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. 14.12.2022 жылы Қызылорда облысының «Теренөзек-Қызылорда» тас жолының 60/31 шақырымында Камаз-Бензавоз бен жеңіл автокөлік соқтығысқан салдарынан​ 4 адам қайтыс болып, 1адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – делінген хабарламада .

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<