Қызылордада қаруды заңсыз сақтаған 17 азаматқа әкімшілік шара қолданылды

586

0

Қызылордада қаруды заңсыз сақтаған 17 азаматқа әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар тыныштығын күзеткен учаскелік инспекторлар әмбебап мамандар. Жұмыстары шаш етектен. Күнделікті көршілердің айқаq-шуынан бастап, қоқыс пен темекі тұқылын тастау сынды құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, олардың алдын алып жатыр. Таң атқаннан кеш батқанға дейін қайнаған тіршіліктің ортасында жүрген учаскелік полиция инспекторлары қызметінің көзге көрінбейтін ауыртпалығы көп, жауапкершілігі мол.

Олар күнделікті өздеріне тиесілі әкімшілік аймақтарын аралап, жалға берілетін пәтерлерді анықтап, азаматтығы жоқ адамдарды тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжайы бойынша тексеріп, азаматтық қару иелерінің қару-жарақты сақтау талабының орындалуын тексереді.

Мәселен, жыл басынан учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) 17 дерек анықталып, олар бойынша тиісті шара көру мақсатында барлық құжаттар сотқа жолданды.

Сонымен қатар, қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзудың 15 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<