Қызылордада террорлық актімен күрестің қызыл деңгейі алынды

316

0

Бұл туралы жаңа облыс әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыберген жариялады. «Аймақта ахуал тұрақтанды. Бүгінгі күні облыста террорлық актімен күрестің қызыл шекті деңгейі алынды. Тұрмыстық тіршілікті қайта қалпына келтіру жұмыстары жандануда. Дегенмен, төтенше жағдай режимі жалғасуда», – дейді баспасөз хатшы.

Өңірде:

✅28 блок-бекет талапқа сай жұмыс жасауда.

✅ 225 қоғамдық көлік қатынауда. 316 банкомат жұмыс жасап тұр.

✅1414 Call орталығына 56200 қоңырау түскен.

Басым бөлігі – халыққа қызмет ету, авиа/теміржол билеттерді алу және азық-түлік мәселесіне қатысты.

✅Бүгіннен бастап 668 балабақша қызметін бастады.

✅Мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап оқу процесіне көшеді.

✅5 қаңтардан бүгінге дейін 608 азамат полиция органдарына жеткізілді.✅Қылмыстық істер бойынша 73 азамат тергеу изоляторына қамалды.

✅205 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 46-ы ауруханада, 8-і жансақтау бөлімінде жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз