ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

247

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында өтеді», – делінген Мәжіліс спикерінің өкімінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<