Құрбан айт – құтты мереке

238

0

 Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қастерлі Құрбан айт  мерекесіне арналған шара өтті.

Жиында ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы Айт намазына жиылған жамағатқа уағыз айтып, барша халықты құттықтады.

Айт намазынан кейін жи­налған барша жамағат мешіт алдындағы киіз үйлерде мере­келік дастарқаннан дәм татты. Ер азаматтар боз кілемде «қазақша күрестен» күш сынасып, «арқан тарту», «қол күрес», «ләңгі тебу», «асық ату» секілді ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түссе, басқалары домбыраның күмбірлеген үнін тыңдап, жыр-термешілер мен ақ жаулықты әжелердің өнерін тамашалады.

Шараға облыс әкімінің орын­басары Руслан Рүстемов, облыстық ішкі саясат бас­қармасының басшысы Талғат Маханов және облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов қатысты.

ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігі елдің бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырған игі шараға куә болған жамағат мерекелік көңіл-күймен тар­қады. Жалпы аймақ бойынша барлық мешітте Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтіліп, Сыр халқын қуанышқа бөледі.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<