«Шалқар шабыт мерекесі – әз-Наурыз»

369

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған «Шалқар шабыт мерекесі – әз-Наурыз» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның мақсаты – жастарға шығыс халықтарына ортақ мереке – наурыздың шығу тарихы мен маңыздылығы туралы түсінік беру, ұлттар мен ұлыстардың достастығын насихаттау, әр ұлттың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету.

 Әдеби-сазды кешке қаламыздағы Болашақ медициналық, Қызылорда көпсалалы және «Өркениет» колледждерінің  студенттері, өнер бөлімінің белсенді оқырмандары және «Өнер» клубының мүшелері,  БАҚ өкілдері қатысты.

 Шара барысында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесінің шығу тарихы, әлем елдерінде қалай тойланатыны жайлы және Орта Азия елдерінде мереке кезіндегі салт-дәстүрлер жайында толық мәліметтер берілді. Әр ұлттың әндерері мен билері орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<