Шекара заставасына су тұщыту қондырғысы орнатылды

820

0

Биыл Жанқожа батыр атындағы шекара заставасындағы өзекті мәселенің бірі өз шешімін тапты. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға заманауи су тұщыту қондырғысы орнатылды.

Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Жанқожа батыр атындағы шекара заставасына арнайы барып, әскерилердің тыныс-тіршілігімен танысты. Еліміздің тыныштығын күзетуде қырағылық танытып, күн-түн кірпік ілмейтін застава қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жаңа орнатылған су тұщыту қондырғысының жұмысын көрді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<