ҰСТАЗДАР БІЛІКТІЛІГІМЕН БӨЛІСТІ

276

0

Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптардағы пәндердің жүргізілуі» тақырыбында семинар өтті. Оған қаладағы білім ордаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, аталған мектеп ұстаздарының ашық сабақтарын көріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан бөлек жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің біліктілігі мен шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі коучинг сабақтары өткізілді.
Семинар соңында сөз алған Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталы­ғының тренері Е.Оспанов жиынға қатысу­шылардың белсенділігіне тәнті болып, ұйымдас­тырушы­ларға алғысын білдірді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<