Айбек Бекбанов: «36 жыл бойы клиенттермен бірге өсіп, дамып келеміз»

3321

0

Шыны керек, бізге банк тек несие рәсімдеп, жалақы үлестіретін мекеме ретінде ғана етене таныс. Дегенмен банк – қаржы саласындағы күрделі жүйе, ол елдің экономикалық дамуына ықпал етіп, клиенттер үшін барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсынады. Сондай банктердің бірі – «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Биыл ЦентрКредит Банкінің құрылғанына – 36 жыл. Банк активтері бойынша елімізде үштікке кіреді. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық аймағындағы 150-ден астам филиалында 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді. Ал Қызылорда облысында 6 бөлімше қызмет көрсетуде. Олардың екеуі облыс орталығында, қалғаны Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан.  Қызмет көрсету сапасын жетілдірудің жаңа жолдарын үнемі іздестіріп отыратын банк өз клиенттерімен бірге өсіп-өркендеуді жалғастыруға ниетті.

«Банк ЦентрКредит» АҚ Қызылорда қаласы филиалының директоры Айбек Бекбанов банкте еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту, қолдау бойынша ауқымды жұмыстар жөнінде бірқатар сұрақтарға сұхбат барысында жауап берді.

– Ел экономикасының дамуында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі басым. Осы орайда облыс кәсіпкерлеріне, осы саланы жандандыруға банк тарапынан қандай қолдау көрсетіледі?

– Клиенттерімізбен табысты жұмыстың арқасында біз тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болдық. Қызылорда облысында тоғыз айдың қорытындысымен 15 мыңнан астам заңды және 100 мыңға жуық жеке тұлғаға қызмет көрсетті. Тиісінше саланың басқа да көрсеткіштері өсті. Банк қазақстандық бизнесті қолдау бойынша жобаларға,атап айтсақ, «Даму» қорының шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыруға белсенді түрде қатысады. Бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының сенімді әріптесіне айналды. Осы ретте айта кету керек, 9 айдың қорытындысы бойынша банк көшбасшы банктердің қатарынан көріндік. Өңірдегі 699 жобаға несие рәсімдеп, бұл бағытқа 13 млрд теңге қаржы бөлінді.

Оған қоса, облыс аймағында үстіміздегі жылдың басында лизинг бағдарламасы іске қосылғаны туралы айта кеткен жөн. Лизинг бағдарламасы кәсіпкелерге арнайы техника және ауылшаруашылық техникаларын алуға бағытталған. «Банк ЦентрКредит» АҚ Қызылорда филиалы шағын және орта бизнестерді қолдау мақсатында жыл басынан 360 млн тенгеге лизинг бағдарламасын қолдаған.

Банк заңды тұлғаларға жан-жақты қызмет көрсетумен қатар, қазақстандық кәсіпкерлердің қолын ұзартатын, тәулік бойы шоттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін, бизнесін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді іске қосқан.

– Қандай банк өнімдері тұтынушыларыңыздың арасында жоғары сұранысқа ие?

Клиенттердің үйден шықпай-ақ қызмет алуы үшін банк цифрлық арналарды дамытып отыр. Сондай-ақ, несиелеу, автолизинг қызметтері де бизнес үшін тиімділігін дәлелдеді.

Біздің ипотекалық өнімдеріміз банк өнімдері арасында жоғары сұранысқа ие. Оның ерекшелігі, өтініш тез арада қаралып, құжаттарды бір күн ішінде рәсімдеуге болады. Алғашқы жарна 20 пайыз, несие мерзімі 180 айға дейін, мөлшерлеме таңдалған бағдарламаға байланысты 2% – 22,5% (СЖТМ 2,1% – 25%)  басталады.

#картакарта 7 млн теңгеге дейінгі жаңартылатын кредит желісінің, 36 айға дейінгі мерзімнің, 50 күнге дейінгі жеңілдікті кезеңнен және сатып алу құнынан 1-ден 30 пайызға дейінгі кэшбэк алу сияқты мүмкіндіктерінің арқасында өте көп қолданылатын танымал қызмет түрі.

Сонымен қатар, біз мобильді қосымша арқылы SWIFT онлайн аударым, әуе билеттерін сатып алу қызметтерінің артқанын, #TravelCard және #IronCard премиум карталарына сұраныстың өскенін байқадық.

– Банк тұтынушыларға өз ақшасын көбейтіп әрі сақтауға қалай көмектеседі?

– Біздің тұтынушылар ақша салудың бірнеше әдісін таңдай алады. Ең алдымен «Рақмет», «Менің мақсатым» және «Чемпион» депозиттері бар екенін атап өткім келеді. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 17%-ға дейін, депозит түрі мен мерзіміне байланысты.

Қай заманда да алтын – құны жойылмайтын, салмағы жеңілдемейтін стратегиялық актив. Егер инвестицияны алтынмен жасар болсаңыз, жинағыңызды инфляциядан қорғап қана қоймай, капиталыңызды еселеп арттыра да аласыз. Клиенттер үшін қосымша қызмет – құйманы сақтау. Құйманы сақтау сейф қызметін көрсету аясында ұсынылатын болады. Клиенттер алтын құйманы банктің барлық бөлімшелерінен сатып ала алады. Сату және сатып алу бағамын банк күн сайын белгілеп отырады.

Біз сондай-ақ, тұтынушыларымызға жинақтарын тиімді басқару және көбейту үшін негізгі қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін ұсынамыз. Сонымен қатар, bcc invest стратегиясы бойынша білікті талдаушылар жұмыс істейтін «Ақылға қонымды теңгерім» қорының пайларын сатып алуға болады.

– Банк қызметінің негізгі бағыттары қандай?

Банк онлайн ипотека сияқты жаңа технологиялық шешімдерді үнемі әзірлеп отырады және оны сәтті енгізеді. Жеке тұлғаларға арналған bcc.kz және кәсіпкерлерге бағытталған bcc business мобильді қосымшасын дамытқан. Сондай-ақ, біз БҰҰ-ның жаһандық шартын қолдай отырып, әлеуметтік жауапкершілікпен өте белсенді айналысамыз.

Айбек Бекбанов: «36 жыл бойы клиенттермен бірге өсіп, дамып келеміз»

– Банк ЦентрКредит еліміздің қаржы нарығында 36 жылдан бері үздіксіз қызмет көрсетіп келеді екен. Осы орайда банктің соңғы жылдардағы негізгі жетістіктерін атап өтсеңіз.

– Біздің банкке Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері арасында жоғары баға (100 балдан 61 балл) берілді, сондай-ақ біз 2023 жылғы нәтижелер бойынша S&P Global CSA бағалауына қатысқан әлемнің барлық банкі арасында үздік 10% қатарына кірдік.

Мұндай бағалау банктің қоршаған орта мен ресурстарды сақтай отырып, адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған орнықты даму тәжірибесін ұстанатындығын білдіреді және біздің банк секторындағы көшбасшылығымызды көрсетеді.

Банк президенті Руслан Владимиров Kazakhstan Growth Forum 2024 ұсынысы бойынша үздік CEO болып танылды.

– Сөз соңында банк филиалының кадрлық әлеуеті, тұтынушыларға, оның ішінде кәсіпкерлерге көрсететін қызмет түрлеріне тоқталсаңыз.

– Өткен жылдың қыркүйек айында банк Байтұрсынов көшесі бойындағы жаңа ғимаратқа көшкенін айта кеткен жөн. Бұл ғимарат жаңа стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда тұтынушыларға жайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

Бүгінде банк қаржылық қызметтердің толық мүмкіндігін ұсына отырып, өзінің қызметкерлері мен клиенттері үшін семинарлар, тренингтер жүргізуде. Коммерциялық компанияларға да, қарапайым азаматтарға да қолайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қызметкерлер бірыңғай жастардан құралған. Қызылорда филиалында 119-ға жуық менеджер жұмыс істейді, әрқайсысы өз ісінің білікті мамандары. Филиалда 6 құрылымдық бөлімше бар. Қазіргі таңда Қызылорда филиалында жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетекшілеріне банктік шот ашу, тендерлік кепілдіктер алу, сыртқы экономикалық келісім-шарттарды тіркеу және валюталық төлемдерді жүргізу бойынша барлық қызмет түрлерін көрсетеді. Облыс аумағында тәулік бойы қызмет көрсететін 37 банкомат пен терминал бар.

ЦентрКредит Банкіне – 36 жыл! Бұл жай сандар емес, бұл – cенім, серіктестік пен өзара қолдау жылдары. Осы уақыт ішінде біз адамдарға арманын жүзеге асыруға, мақсатқа жетуге, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектестік. Алда одан да көп жетістік, сәттіліктер мен жаңа белестер тұр.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<