Апта ағымында

221

0

Фото: ашық дереккөз

Сайлауалды бағдарлама игілігін беруде

Апта барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар пайдалануға берілді. Атап айтсақ,  Жалағаш ауданының Мырзабай ахун ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, Жалағаш ауданының орталығындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, Қызылордада жаңа жол айрығы мен жаяу жүргіншілер көпірі, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізімен қосылатын тұсында жаңа көлік айрығы, Тасбөгет кентінде дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылса,  Сырдария ауданында 80 отбасы баспаналы болды.

Жыл сайын аймақта қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі артып келеді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000-нан астам пәтер сатып алынуда. Бұған дейін Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандарында 300-ден астам отбасы баспаналы болды.

Жол карта аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының жағдайы бірлескен отырыста қаралды

Партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл жөніндегі Кеңестердің бірлескен отырысы өтіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың уақытылы аяқталуы мен сапасы, сонымен қатар Қазалы ауданындағы «Қарлан» көпірінің құрылыс жұмысы талқыланды.

Жиынға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, комиссия мүшелері, жауапты басқарма басшылары, мердігер мекеме өкілдері сонымен қатар бейнебайланыс арқылы аудандардағы партиялық бақылау комиссияларының төрағалары мен жауапты мамандар қатысты.

Отырыс соңында әрбір нысанның уақытылы іске қосылуы бағдарлама әкімшілеріне қатаң тапсырылды және ол жұмыстарды күнделікті бақылауға алу жергілікті партия филиалдарына жүктелді.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында әкелер кеңесі студент жастармен кездесті

М.Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінде әкелер кеңесінің қатысуымен әсерлі кездесу өтті.

Студенттермен кездесуге партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Искендер қатысып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс,, отбасындағы әкенің рөлі, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы қоғамның белсенділігі жайында әңгімелер айтылды.

Жиын барысында облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ержан Искендер студенттерге тәлім-тәрбиесі мол, рухани байлыққа толы бірнеше кітаптар мен қажетті құрал-жабдықтар алу үшін арнайы сертификаттар сыйға тартты.

Аудан әкімі партия алаңында қабылдау өткізді

Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов партияның аумақтық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауда тұрғын үй алу, кәсіпкерлік мақсатта жер алу, ауылды газдандыру мәселелері сөз болып, шешу жолдары қарастырылды.  

Кестеге сай қабылдау өткізді

Апта барысында партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері М. Ералиев, Аида Әбибуллаева және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Жалғасбаев кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізсе, фракция мүшесі Б.Базарбаев   партияның  Шиелі аудандық филиалында тұрғындарды толғандырған мәселелерге жауап берді.

Жалпы қабылдауларда тұрғындардан 14 өтініш түсіп, олардың 9 оң шешімін тапты.

Белсенді азаматтар марапатталды

Партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында жыл басынан партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде заңгерлер, адвокаттар және медиаторлардың қатысумен 130 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, оларда 351 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

Апта барысында партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А. Жарылқасынов  жобаның жүзеге асуына белсенді үлес қосқан азаматтарды партияның облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен марапаттады.

Білім грантын жеңіп алды

 «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалы мен «Grand master» бағдарламалау мектебінің ұйымдастыруымен «CP Open Cup -2023» cпорттық бағдарламалау олимпиадасы өтті. Оған барлық аудандардан 43 команда қатысты. Шараға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқаснов қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта  мектептің 10-11 сынып оқушылары Шұғыла Нұрғалиева мен Ердаулет Жұмағали жеңімпаз атанып, Қорқыт ата университетіне білім грантын ұтып алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<