Сурет көрмесі өтті

249

0

 Бүгін Елорда мерекесіне орай «Ақмешіт» музейінде Нұр-Сұлтан қаласының жеткен жетістіктерін айшықтайтын фотокөрме өтті. 

«Елдің төрі – Елорда» атты фотокөрмеге ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласында өткен түрлі тарихи шаралардың және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбындағы музей қорындағы фотосуреттер қойылды.

Келушілер көрмемен қатар музей экспозициясымен танысты. Сондай-ақ, экскурсия барысында ел ордасының Алматыдан Ақмолаға көшірілу деректері айтылып, жан-жақты мәліметтер берілді.

«СБ» ақпарат.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<