Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңейтілген мәжіліс

409

0

Бүгін Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы аудан әкімінің төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі екендігін айта кеткен аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы:
– Келеңсіз әрекеттерге жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде және қоғамның барлық салаларына сенім арттыруға бағытталған бірлескен шаралар атқаруды күшейтуіміз қажет – деді өз сөзінде.
Кеңейтілген мәжілісте Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалыбаев Шарабан аудан бойынша мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жакудаев Нұғман мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарында хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық пікір білдіріп, аудан басшысы тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<