Талсуатты су баса ма? (ВИДЕО)

931

0

Қала іргесіндегі Талсуат ауылында дария суы көтеріліп, ауыл ішіндегі бірнеше арна суға толды. Бүгін таңнан бері төтеншеліктер мен ауыл тұрғындары су деңгейін бақылап, су басу қауіпінің алдын алуда. 

Ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері құрғап қалған арналардың суға толғанын көріп алаңдаушылық білдіруде. Себебі дария суы канал маңындағы тұрғын үйдің ауласына жайылып кеткен.

«Таңнан бері дарияның деңгейін бақылап жүрміз. Су көп, ауыл ішіндегі үлкен арықтар суға толды. Маңайындағы тұрғын үй иелері алаңдаулы. Барынша сақтанып отырмыз», – дейді ауыл тұрғыны. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<