Түркістан облысында 2 ауылдың атауы қазақшаланады

381

0

Фото: abai.kz

Түркістан облысындағы Чичерино және ҚазССР 40 жылдығы ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.

«Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы болып аталсын. Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты ҚазССР-нің 40 жылдығы ауылының атауы Әл-Фараби ауылы болып өзгертілсін. Шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.

Құжат 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<