Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды

437

0

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқанд бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды.

«Qazaq air» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.

Рейстер заманауи, жайлы «De-Havilland Dash 8-Q400» әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқандтан 21:20-да ұшады.

«Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», – делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<