Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем чемпионы болды

278

0

Фото: Polisia.kz

Ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови-Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті.

Бұл — 2023 жылғы халықаралық күнтізбедегі екінші әлем кубогы.

Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында өткен болатын.

Жарысқа Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланд, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және басқа елдердің командалары қатысты.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан чемпион атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<