Қызылорда облысында Билер кеңесі құрылды

278

0

Қызылорда облысында Билер кеңесі құрылды Қызылорда облысында Билер кеңесі құрылды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соты.
Қызылорда облысы сотының төрағасы Қамбар Нұрышев Билер кеңесі – ұлттың игілігі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Шараға судьялар, отставкадағы судьялар мәслихат, прокуратура, полиция, ішкі саясат басқармасының, Nur Otan партиясының, «Қоғамдық келісім», ардагерлер кеңесінің, «Рухани жаңғыру» орталығының, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындары мен медиаторлардың өкілдері қатысты. Қамбар Нұрышев Билер кеңесінің қызметі қоғамдағы жанжалды, азаматтар арасындағы дауды сотқа дейін жеткізбестен шешетінін атап өтті. Спикердің пікірінше, билер сотының сара жолы, беделі мен мәртебесі қазіргі уақытта да қажет болуы мүмкін. Билердің даналығы мен тәжіибелері туралы айта келе, Қамбар Нұрышев өңірде үлкен өмірлік тәжірибелері мол құрметті және білімді ардагерлер жетерлік екенін атап өтті, олар жанжалдасқан тараптарды сотқа дейін жеткізбей шеше алады.
Облыстық соттың судьясы Нұрлыбек Қосанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, отставкадағы судья Молдабек Ахметов, Билер кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья Зейнолла Нұрсейітов Билер кеңесінің рөлі мен жұмыстары, жанжалды шешу кезінде татуласу рәсімдерін қолданудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Бұл ретте, М.Ахметов билер сотының жұмыс тәжірибесін қазіргі медиация институтымен салыстырса, ал Н.Қосанов, татуласу рәсімдерінің ерекшеліктерін атай отырып, медиацияның қоғамда жанжалды азайтуға, өзара сыйластық пен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталғанына назар аудартты.
Іс-шараны қорыта келе, Қ.Нұрышев қатысушыларды Билер кеңесінің ережелерімен, негізгі мақсаттарымен, міндеттерімен және құрамымен таныстырды.
Бұл ретте оның міндеті дауларды соттан тыс реттеуді танымал ету, қоғамда тұрақтылықты сақтау, аталардан қалған құнды тәжірибеге негізделе отырып, жанжалды бейбіт жолмен шешуде қоғамдық сананы жаңарту екенін атап өтті.
Кеңес құрамында ардагерлер кеңесінің өкілдері, интелегенциялар, отставкадағы судьялар мен әділет, қаржы, атқарушылық органдарының өкілдері, қоғамдық қайраткерлер бар «Кездесудің» қатысушылары Ереже бойынша және Билер кеңесінің жұмыстары бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<