Қызылордалық полицейлер жекпе-жек сайысынан турнир өткізді

334

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және қала әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысының жекпе – жек сайыс федерациясының президенті Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлының, қоғам белсендісі Эрик Теңізбаевтың бірлескен ұйымдастыруымен  облыс көлемінде жекпе – жек сайысынан құқық қорғау органдарының және арнайы құрылымдардың арасында турнир өтті.
Спорттық шараның ашылу салтанатында әнұран шырқалып, алғы сөз Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Нәлібаев Пазылбек Машбекұлына берілді.  
Облыс орталығының «Аквапарк» спорт кешенінде өткізілген турнирге Қызылорда облысының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, ҚР ІІМ-нің ҰҰ № 5547 бөлімі мен ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі, Қызылорда гарнизонының 66597 әскери барлау бөлімі, Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы спорт клубының командалары, барлығы 8 команда жарыс жолына түсті.  
Тартысты өткен спорттық бәсекенің нәтижесінде  жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының Полиция департаменті 1-орынды жеңіп алса, «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы спорт клубының командалары 2-орынды, облыстық ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінің 2019 әскери бөлімі 3-орынды иеленді.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған командалар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<