Қызықты кездесу

296

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Foreva» тұлғаны дамыту орталығымен бірлесе отырып, «Go Working» орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасының аясында кеше «Foreva» орталығында жастардың қатысуымен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мусаевамен кездесу ұйымдастырылды.
Қоғамда көпшілікке үлгі бола білген, қызметте де, отбасында да жетістікке жеткен танымал тұлғаның өмір жолын үлгі ете отырып, жастарды рухани адамгершілік қасиетттерге баулу және еліміздің өркендеуінде өз үлесін қосатын жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған айтулы кездесуде Нұрсәуле Дүйсенбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру төңірегінде салихалы әңгімесімен, маңызды, мағыналы ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Өз кезегінде жастар өздерін қызықтырып, толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Бұл кездесудің жастар үшін маңызы өте жоғары болды. Себебі, белгілі тұлғаның өмір жолының мысалдарынан жастарымыз өз күштерімен қаншама биікті бағындыруға болатынын түсінді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Мадияр МАХАМБЕТҰЛЫ,

 Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

                        4-ші курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<