Жаңа мүмкіндіктер мекені

465

0

Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастамасымен 2021 жылға дейінгі алдағы 3 жыл «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда.
Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, қаламыздың бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасуда.
Оның нақты дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Қызылорда қаласында 2018 жылдың 1-ші шілдесіне 26 мың 272 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 19 мың 924, заңды тұлға – 5 мың 544, шаруа қожалықтары – 804 құрады.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 мың 840 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 1 мың 885 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен (1003 кәсіпкерлік субъекті тіркелсе, 1080 жаңа жұмыс орны ашылған) салыстырғанда 54,5 пайызға артты.
Жыл басында нақты жоспарлы көрсеткіштер қамтылған «Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жол картасы» бекітілді. Бүгінгі күні карта аясында жалпы құны 2 млрд. 235 млн. теңгені құрайтын 165 жоба іске қосылып (жобалардың 47,8 пайызы елді мекендердің үлесінде) 232 жаңа жұмыс орны ашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<