Жаңа жүйе түсіндірілді

241

0

Жаңа жүйе  түсіндірілді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшылары Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.

Биыл білім ордасында мей­ір­бике ісі, эпидемиология,сто­матология, фармация, зерт­ха­на­лық диагностика жә­не басқа да бейіндербой­ынша 500-ге жуық жас ма­манға жолдама беріледі. Олар жаңа денсаулық сақтаужүйесі – МӘМС бойынша жұмыс жасайды. Осыған орай филиал мамандары жастарғажа­ңа жүйе­нің ерекшелігі мен маңызын жан-жақты әңгі­ме­леп, кеңінентүсін­дірді.

«2018 жылдың 1 қаңта­рынан бастап Әлеуметтікме­ди­циналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмек­тің кепілдендірілгенкөлемі­нің (бұдан әрі – ТМККК) қар­жылық операторы және ме­дициналық қызметтерүшін бі­рыңғай төлеуші болды» – деп атап өтті сарапшылар. Барлық медициналыққыз­мет­тер екі пакет – МӘМС және ТМККК айналасында топтастырылған. Кепілдіпакетте – әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу (онкология, туберкулез,психиатрия), жедел жәрдем, санавиация, алғашқы медициналық-санитариялық,шұ­ғыл, паллиативтік көмек қарас­тырылса, МӘМС паке­тін­де жоспарлы диагностикамен емдеу қызметтерінің кең ауқымы бар. Қор мамандарының айтуынша, ТМКККеліміздің барлық азаматтарына арнал­ған. Ал МӘМС пакеті тек сақ­тандырылған азаматтарүшін. Егер төлемдердің түспеуі үш айдан артса МӘМС пакетіне құ­қығы болмайды.

 

БарлыбекБАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<