Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асты

228

0

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 862 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады. 

Көшімде 18 сантиметрге көтеріліп, 851 сантиметрге жетті. Қауіпті шектен (850 см) 1 сантиметрге асып тұр. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 521 сантиметрді (+7) көрсетті.

Есесіне Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 сантиметрге түсті. Мұнда қазір – 900 сантиметр (қауіпті шегі – 1 250 см). Көшім каналында да 1 сантиметрге төмендеу (823, қауіпті шегі – 800 см) байқалады.

Шаған өзені Чувашин ауылында 9 сантиметрге көтерілді (740 см, қауіпті шегі – 1 300 см).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын су басқан аумақтарды қалу қауіпті екендігін жазған болатынбыз.

Орал қаласында ер адам тасқын сумен ағып кете жаздады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<