Жалағашта Наурызды тойлау басталып кетті

311

0

Ұлыстың Ұлы күні мерекесін Жалағаш ауданында биыл 14-22 наурыз аралығында  айрықша, жан-жақты тойлау  қарастырылған. Бүгін «Наурыз – дәстүр» күні аясында №201 мектеп-лицейде «Наурыз – береке бастауы» атты театрландырылған қойылым, концерттік шара өтті. «Көрісу» салт-дәстүрінен бастау алған шара мектеп-лицей оқушыларының тартуына ұласты.
Күмбірлете күй төгілді, әсем әндер шырқалды, жарапазан айтылды. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже тартылды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Әбілдаева жиылған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Шара соңында оқушылар қазыналы қарияның ақ батасын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<