Жалған ақпарат

269

0

3 сәуірде «Болашақ» университеті аумағындағы көпірден «бір адам құлады» деген ақпарат дәлелін таппады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Кезекші бөлімге түскен хабарлама негізінде оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Жан-жақты тексерулер нәтижесінде ешқандай оқыс оқиғалар орын алмағандығы хабарланады. Сонымен қатар, 1-10 сәуір аралығында облыс аумағында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық шарасы жүргізіліп жатқандығы, полиция қызметінің жұмысы күшейтілген жүйеге көшкендігі ескертіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<