«Жастар бригадасы» құрылмақ

649

0

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда.

Жақсы жаңалықтарымыздың бірі ауыл жастарын көтеру мақсатында аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қолдауымен А.Тоқмағамбетов ауылдық округінен жастар бригадасы құрылады.

– Бұл жобаның жастарды жұмыспен қамтуда және NEET санатындағы жастарды болдырмау мақсатында атқарар рөлі айрықша болады, – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүйелі жоба қолға алынуда. Ауыл әкімі Ғ.Алданазаровпен кездесіп, жастарға арналған бастамалар бірлесе отырып талқыланды. Оның ішінде егістік жерді дайындау, қоршау т.б жұмыстары ауыл жастары үшін тегін жүргізіледі.

А.Тоқмағамбетов ауылдық округінен жұмыссыз жастарға 3 гектар жер белгіленіп, ерте көктемнен бастап 10 жас бригада қатарында еңбек етеді. Мұнан соң жұмыссыз жастар картоп, сәбіз, қауын, қарбыз, жүгері, асқабақ т.б дақылдар егетін болады.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<