ЖАСТАРДЫҢ ЖАН САРАЙЫН АШҚАН…

352

0

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары бойынша балалар кітапханасында «Қаламгерлер мұрасы-халық қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастарды адамгершілікке баулып, отаншыл рухта тәрбиелеуге, ана тілін құрметтеуге, оқу мәдениетін дамыту мен сауаттылығын арттыруға бағытталған. Көрмеге қатысқан жасөспірімдер  өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасаудың тамаша көрінісінен әсер алып, рухани мұраны сақтаудың маңыздылығын ұғынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<