Жемқорлық-індет, жою-міндет

415

0

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Руслан Ягмусов пен Берік Мырзахметовтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, парақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарынны айту.
Дөңгелек үстелде алғашқы болып сөз алған департамент басшысы Ғалия Байменова: «Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Біздің департаментте де онымен күрес жүйелі жүзеге асырылуда»,-деп атап өтті.

Құқық қорғау органынан арнайы келген мамандар қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін тікелей басшының да жауапкершілігін қарауды заңмен бекіту жұмыстары жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әзірленген бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<