Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

313

0

23-28 сәуір аралығында Қызылорда қаласының «Мұз айдыны» спорт кешенінде жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасының XXVI чемпионатының V тур ойындары аяқталды. Аталған жарысқа, еліміздің облыстарынан 6 команданың            («Жайық», «Динамо-Қостанай», «Ақтөбе», «Жетісу-Жастар», «Динамо-Қазығұрт»  және «Қайсар»)  спортшылары қатысты. 

Жалпы 26-шы Қазақстан чемпионаты V турдың қорытындысы бойынша: 1 орын  – «Динамо-Қазығұрт» ОҚО, 2 орын  – «Ақтөбе» Ақтөбе облысы, 3 орын  – «Қайсар» Қызылорда облысы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар медаль, диплом және кубокпен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<