
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибеліқ іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау.
Қоғамдық-гуманитарлықбағыттағы пәндер бойынша Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру ғылыми-практикалық орталығынан шыққан барлығы 602 оқушы қатысты.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Бахытжан Даниярбек Құқық негіздері пәнінен жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола медаль мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломына ие болды.