Аман бол, абыз ағалар!

1169

0

ОПД ардагерлері мен барлық абзал ақсақал ағаларға

Антын адал ақтаған,

Арын таза сақтаған,

Сендерсің абыз ағалар.

Осынау байтақ ордалы,

Халықтың болған қорғаны,

Сендерсің нағыз ағалар.

Аяқтан суық ыза өткен,

Аязда елін күзеткен,

Сендерсің абыз ағалар.

Жүрген ыстық аптапта,

Жауын мен боран, батпақта,

Сендерсің нағыз ағалар.

Тынығып жөнді жатпаған,

Күн-түні тыным таппаған,

Сендерсің абыз ағалар.

Көз ілмей талай түн қатып,

Көрмеген ешбір үн қатып,

Сендерсің нағыз ағалар.

Ажалдан қашпай шетке тек,

Ажалмен келген бетпе-бет,

Сендерсің абыз ағалар.

Санына жетпес санаса,

Әлсізге түскен араша…

Сендерсің нағыз ағалар.

Қылмыскер болса қорлаған,

Кісінің құқын қорғаған,

Сендерсің абыз ағалар.

Алатау биік асқар тым,

Ақылшысы жастардың,

Сендерсің абыз ағалар,

Сендерсің нағыз ағалар!

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,

ҚР ІІМ-ның Еңбек және Құрметті ардагері