«Аймақтар әдебиеті» жобасы басталды

506

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ҚР Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Аймақтар әдебиеті» арнайы жобасын ұйымдастыруда. «Аймақтар әдебиеті» – еліміздегі 14 облыс және Астана мен Алматы, Шымкент қалаларын қамти отырып, ауқымды әдеби орта қалыптастыру, аймақтардағы ақын-жазушыларды оқырман қауымға кеңірек танытуға бағытталған жоба. 
Порталда ашылған арнайы айдарда ҚЖО аймақтағы филиал директорының алғысөзі беріліп, облыстағы ақын-жазушылардың, сыншылар мен әдебиеттанушылардың шығармалары жарияланып отырады. Сонымен қатар, порталда аймақтарда өткізіліп жатқан әдеби шараларға қатысты мақалалар, фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланады.
 Аталған жоба арқылы аймақтардағы әдеби хал-ахуалды толықтай тануға, шалғайда жүрген жас қаламгерлердің қоғамдағы рөлін арттыруға, өңірлердегі әдебиет тарихын жіті зерттеуге, жас ұрпақтың санасындағы туған жерге деген іңкәрлікті оятуға, сондай-ақ жасампаз елімізді әдеби үдеріске жақындатуға мүмкіндік туады. 
Осылайша, жыл соңында «Аймақтар әдебиеті» жобасына белсенділік танытып, ерекше ынтамен атсалысқан облысқа «Үздік әдеби аймақ – 2018» номинациясы беріледі. Қосымша мәліметті 8 (7172) 79 82 06 (173), 8 702 451 55 79 номері бойынша біле аласыздар. 

adebiportal.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<