Соңғы 50 жылдағы ең үздік роман анықталды

465

0

Канадалық жазушы Майкл Ондатженің «Ағылшын пациент» атты романы «Алтын Букер» арнайы әдеби сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы жазылған роман 1992 жылы «Букер» сыйлығын алған. Кейін роман сюжетіне сәйкес фильм түсірілді. Онда басты рөлдерді танымал актерлер Рэйф Файнс пен Жюльет Бинош сомдаған. Айта кетерлігі, фильм 1996 жылы «Оскар» сыйлығын жеңіп алды.

Ал бұл жолғы үздік сыйлық романның өзіне бұйырыпты. «Алтын Букер» сыйлығының «Букер» сыйлығынан айырмашылығы үздік роман қазылар алқасының шешімімен емес, оқырмандардың дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<