Түрік журналының тұтас саны Мағжан шығармашылығына арналды

590

0

Халықаралық «ТҮРКІСОЙ»  ұйымының ұйымдастыруымен  түркі әлемі бойынша «Мағжан Жұмабаев жылы»  Анадолы елінде салтанатты жағдайда атап өтілді.

Айтулы мәдени шараға Қызылжар өңірінен  арнайы делегация қатысқан болатын. Ақиық ақынның 125 жылдығы қарсаңында түрік ағайындар өлеңдерін жеке жинақ етіп шығарса, жуырда «Кардеш Калемлер» көркем әдеби журналының бір саны өмірі мен шығармашылығына арналыпты.

«Қазақстан мен Түркия–ежелден бауырлас, тағдырлас елдер. Екі тараптың  ынтымақтастығы рухани салада да біте қайнасып келеді. Қазақтың көрнекті жазушылары мен ақындарын, зиялы қауым өкілдерін түрік жұртына таныстыру, мұраларын насихаттау  берік дәстүрге айналған», деп жазады кіріспе сөзінде Еуразия жазушылар қауымдастығының төрағасы, «Бенгу» баспасының директоры Якуп Омароғлы.

Бұдан бұрын  «Кардеш Калемгер» журналы Сүйінбай, Жамбыл,  Қасым Аманжолов, Шерхан Мұртаза, Олжас Сүлейменов, Бердібек Соқпақбаев секілді қазақтың талантты  тұлғаларына бірнеше санын арнаған болатын.

Дереккөз: «Егемен Қазақстан»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<