Облыс әкімінің құттықтауы

751

0

Фото: ашық дереккөз

Қымбатты сырбойылықтар!

Баршаңызды Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің ең басты ұлық мерекесі – қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өттік.

Қандай қиындық болса да, берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында бәріміз бірге еңсеріп, кез келген  ауыртпалықты жеңе білдік.

Пандемияға қарамастан өңірде бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары, тұрғын үйлер салынып, жылу, газ, электр жабдықтау инфрақұрылымдары жүргізілді, қаланың шеткі аймақтарындағы, елді мекендердегі жолдар жөнделді.

Жаңа жылға осындай игі істерімізбен, ізгі үмітімізбен қадам басып отырмыз.

Қадірлі жерлестер!

2021 жылды нәтижелі аяқтасақ, ол – сіз бен біздің бірлесе атқарған еңбегіміздің жемісі. Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!

Келер жылы Тәуелсіздігіміздің төртінші он жылдығына қадам басамыз, ел дамуының тағы бір жаңа кезеңі басталады.

Жаңа 2022 жыл әрбір отбасына мол ырыс-несібе әкелсін!

Сыр қамбасы қазыналы болып, берекеміз арта берсін!

Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, мәңгі болсын!

Жаңа жыл құтты болсын, қадірлі жерлестер!

Құрметпен,

облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<