23 градусқа дейін аяз: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

705

0

Синоптиктер 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны мен оның фронталды бөлімдерінің әсері сақталады. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қар күтіледі.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы төмендеп, түнде 2-10 градустан 18-23 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяздан – 5 градусқа дейін жылы, сондай-ақ, 5-15 градусқа дейін аяз, орталықта және шығыста түнде 0-8 градус аяз, күндіз 3 градус аяз – 3 градус жылы, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 градус аяз – 3 градус жылы, күндіз 9-17 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<