29 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

600

0

Қазгидромет 29 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<