3000 га жерге 300000 дана сексеуіл көшеті егілді

259

0

Фото: Табиғи ресурстар басқармасы

Дүниежүзілік Банктің Кызылорда қаласы аумағында жасыл желек өсіру жобасына сәйкес, 2023 жылдың көктем айында Кызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Тартоғай орманшылығының Қалмас учаскесінде 3000 га сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстарын атқарды. Жобаның мақсаты Кызылорда – Жезқазған автожолы бойында жасыл белдеу жасау.

Бұған қоса ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап егілген орман екпелеріне 300,000 дана сексеуіл көшеттермен толықтыру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда сексеуіл екпелерін егу жұмыстары толығымен 100 пайыз орындалды. Басқарма басшысы С. Сермағамбетов учаске басына арнайы барып, қорытынды жұмыстардың нәтижесімен танысты.

Аталған жұмыстарға 3 дана МТЗ тракторы, 2 дана көшет отырғызу қондырғысы, 1 дана Газ-53 автокөлігі және мекемеден 25 қызметкер қатысты.

@Кызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<