Интернет қызметінің нашарлауы: Цифрландыру министрлігі түсініктеме берді

743

0

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркйсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов интернет қызметінің нашарлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл кибер жаттығуды біздің азаматтарға ыңғайсыздық туындамайтындай етіп өткізуге тырыстық. Белгілі бір ыңғайсыздық туындағаны үшін кешірім өтінеміз. Әлбетте бұл шетелдік интернет-ресурстардың да қызметіне әсер етті. Неліктен дәл өткен аптаның демалысын таңдап алдық – себебі осы уақытта азаматтар барынша жұмыстан бос, жұмыс барысында жоқ», – деді Руслан Әбдіхалықов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Руслан Әбдіхалықов Нұр-сұлтан қаласында кибер жаттығулар өткізіліп жатқанын айтқан болатын.

«Пандемия уақытында шындыққа сай келмейтін, елдің ақпараттық заңнамасын бұзатын мәлімет көбейіп кетті. Оның бәрі әлеуметтік медиа арқылы тарауда. Шынайы жағдайды бағалау үшін шартты діни экстремистер әртүрлі ақпаратты таратады. Ал бұл ретте мемлекеттік органдардың міндеті – оны уақытында анықтап, нақты шектеу қою. Сондай-ақ бүкіл интернет ресурстың штаттық қызметін бұзылмауы тиіс», – деген еді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<