Бектөре Сұлтан – полиция генерал-майоры

2270

0

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Мемлекет басшысының «Жоғары әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлығы бойынша полиция генерал-майоры арнаулы атағын алды.
         Бектөре Жеңісбайұлы 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімді заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласындағы магистр. Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Қоғам жүктеген жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жемісті еңбек етіп келеді.

         Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі, ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бас басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, ӘПК жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел бөлімінің құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімшесінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған. 1999 жылдың аяғынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ІІББ ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу бөлімшесінің бастығы, жеке құраммен жұмыс бөлімінің жеке құрам бойынша инспекциясының аға инспекторы қызметін атқарған.

         Бектөре Жеңісбайұлы Шымкент қаласының  полиция бөлімі бастығының орынбасары, Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, Еңбекші аудандық ІІБ бастығы, қызметтерін абыройлы атқарған. Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, бастығының орынбасары, Түркістан облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары секілді лауазымды қызметтерде істеген.

         Мың сан қылмыстық оқиғалар мен қылмыскерлермен бетпе-бет келу, күн-түн демей қылмыстың алдын алу үшін күресу екінің бірінің-қолынан келе бермесі анық. Бүтін бір облыстық полиция департаментін басқаруда оңай дүние емес. Ержүректік, қайсарлық, қырағылық пен табандылық бойынан табылатын Бектөре Жеңісбайұлын полиция генерал-майоры арнаулы атағын алуымен құттықтаймыз! Қиын да қатерлі қызметіңізге табыс тілейміз!

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<