Әдеп – әділеттілік таразысы

1382

0

Әр мемлекеттік органның қызметіндегі маңызды жұмыстарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген. 

Сыбайластықты болдырмау шараларының ұдайы ұйымдастырылып отыруын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады.

Сондықтан да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып табылғандықтан бұл бағытты тыс қалдыра алмаймыз. Бұндағы мақсат – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасты қалыптастыру және тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Бірінші кезекте, Әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін қамти отырып жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау әр жартыжыл  сайын жүргізіліп, қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізіліп, департаменттің интернет-ресурсына жарияланып отыр.    

Қызылорда облысының әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленіп, бекітілген. Стандарттар Әділет департаментінің интернет-ресурсына орналастырылған.

Барлық мемлекеттік қызметшілер өз өкілеттіліктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделеріне пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында шектеулерді қабылдаған.          Қызметшілердің жеке табысы және мүлкі жайлы декларация тапсыру мәселесі жөнінде мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  жыл сайын мемлекеттік кірістер департаментіне өздерінің (жұбайларының) табыстар туралы мәлімдеме тапсырып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында  «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі құрылған болатын. Кеңсе департамент ғимаратының бірінші қабатында орналастырылған, сондай-ақ, азаматтармен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін департамент басшысының орынбасарларының қызметтік бөлмелері де бірінші қабатта орналасқан.

«ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылып,  осыған сәйкес ауқымды іс-шаралар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында мемлекеттік қызмет көрсету және сот актілерін орындау салалары бойынша құқықтық көмек және түсіндірме жұмыстары тікелей эфирге шығу арқылы көрсетіліп отыр.

 Департамент басшысы және орынбасарлармен, сот орындаушылар, департамент қызметкерлері және ауданаралық әділет басқармалары басшылары мен қызметкерлері, нотариус, адвокаттар тарапынан  халыққа онлайн режимінде құқықтық кеңестер берілуде.

 Кеңсе алаңында құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізілуде.

Сондай-ақ, бөлім басшылары және сот орындаушыларымен «Халық заңгері» науқаны мен «Адал көмек» жобасы аясында ANTIKOR.LIVE жобасы арқылы онлайн режимінде азаматтарға құқықтық көмектер көрсетілді.

         Сонымен қатар, «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі алаңында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау жұмыстары жайлы семинарлар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. 2020 жылы 1017 ақпараттық шара ұйымдастырылды, оның ішінде: баспа басылымдарында, электрондық БАҚ-та – 111, ТВ-да – 27, радиода – 33, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында (веб-сайттарда) – 176 сөз сөйлеу,  62-дөңгелек үстел, 494-дәріс, семинар, тренинг, 7 баспасөз конференциясы, брифинг. Ақпараттық топтардың шығуы  – 17,    90 «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл бағыттағы жұмысты арттырудағы бір тиімді әдіс халықтың мемлекеттік органның қызметі жайлы толық мағлұматтануы үшін  қызметкерлермен тікелей эфирлер жүргізу тәжірибеге айналды.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департаментпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен видеоролик дайындалып, қаланың қаланың LED экранында көрсетілді.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау мақсатында   Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  бірлескен негізде жоспарлы түрде атқарып келеді. 

Олардың қатарында – әділет департаментінің қызметкерлері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы  қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша семинар-сабақтар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бағыттары және әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша қызметкерлер арасында оқытулар ұйымдастыру, үкіметтік емес ұйымдар мен құқыққорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, қызметкерлерді тергеу изоляторына апару, қоғамдық қабылдаулар жүргізу  жұмыстары бар. 

Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық  жұмыстар да өткізілуде. Сондай-ақ, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқан тұлғалар жайлы бейнероликтер көрсетілді.

2020 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактілері орын алған жоқ. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтауға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін арттыруға жұмыстанатын боламыз.

Э.Әбдіхалықова,

Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім басшысы,ҚР Заңгерлер одағы РҚБ-нің филиал мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<