Әке тәрбиесі алдыңғы орында

411

0

«Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы Қызылорда облыстық қоғамдық  даму басқармасының тапсырысымен»Qazaqstan jastary» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Қызылорда қаласында Студенттер Сарайында 2022 жылдың11 қарашасында «Мақтау сөзге лайық жан өзің ғана, әкешім!» тақырыбында әкелер форумы өтті.

Форумның мақсаты – заманауи қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі мен маңызын насихаттау, дәріптеу.

Форумға әр салада қызмет атқаратын, шаңырақтың негізгі тірегі болып табылатын әкелер қатысады. Олардың арасында Таңрақбаев Жүзбай Ибрагимұлы – Қызылорда қаласы «Мерейлі отбасы-2022» байқауының жүлдегері,  «Шиелі ауданының Құрметті азаматы», Байұлов Ғани Бекқожаұлы – 6 баланың әкесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы, философия докторы, Телеубаев Талғат – Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаты, Жалғасбаев Данабек Серікұлы –  кәсіпкер, 5 ұлдың әкесі, Ербозым Орынбасар Жарасқанұлы –  жас әке бар.

Сондай-ақ, әке туралы ой толғау үшін пікірін білдіру, жас ұрпаққа әкенің асқаралы тұлғалық сипатын жеткізу үшін шақырылған қонақтар бар. Олар – Бимұратқызы Жанар – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы, Ерланқызы Перизат – Қызылорда технология және қызмет институтының 1 курс студенті, жас ақын және №271 Байұзақ Ермекбаев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Серік Нұрасыл бар.

Әкелер форумына жас ұрпақ өкілдері – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің және Қызылорда технология және қызмет институтының білім алушылары, жалпы ниет білдіруші жастар да қатысады.

Әкенің мінез – құлқы, болмысы, өзгелермен қарым – қатынасы– баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігін ескерсек, форумның келтірер пайдасы күмән тудырмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<