Әлемде ерлер еңбекақысы әйелдердікінен 16% көп

311

0

Әлем бойынша орташа алғанда әйелдердің табысы – 11 мың доллар, ал ерлердікі 21 мың доллар деп есептелген, – деп хабарлайды 5q.media.


Халықаралық еңбек ұйымының дерегінше, еңбекақы төлеудегі жаһандық гендерлік алшақтық – шамамен 16%, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпаратына сай ол 13% болды.

Бұл проблема Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де бар.

«Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша еңбекақы төлеудегі алшақтық — шамамен 16%. Бұл дегеніміз — әлемде бірдей жұмыс істесе де, ер адамдар әйелдерге қарағанда, 16% көп алады. ЕАЭО елдерінде де бұл проблема бар. Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңсіздік бойынша кейінгі баяндамасына мынадай статистика келтіріледі. ЕАЭО елдері арасында гендерлік теңсіздіктің жалпы деңгейі бойынша Беларусь көш бастап тұр. Ол жаһандық рейтингте 33-орында. Одаққа мүше қалған мемлекеттер едәуір артта қалып отыр. Қазақстан 80-орын, Ресей 81-орын. Қырғызстан 108-орын, Армения 114-орында», — деді ЕАДБ және ЕТДҚ бас экономисі Евгений Винокуров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз