Әлеуметтік маңызды азық-түлік 3% жуық қымбаттады

519

0

Фото: Галина Скрипник/Kazinform

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалса, жылдық мәнде 2,9% өсті, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде 19 зат бар. 

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 9 қаңтарға/:

Күріш – 486 тг/кг

Сиыр еті (жауырын, төс бөлігі) – 2513 тг/кг

Орамжапырақ – 147 тг/кг

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<